Bugin

“Халықтың ақшасын қайтарсын”: Ринат Заитов тың мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Парламент мәжілісінің депутаты Ринат Заитов Qazaq Airan YouTube арнасында халықтың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Көше сыпырып жүрген әйелді ешкім ойламайды. "Мынаның да баласы бар-ау, баласы үйленгісі келеді-ау, қызы ұзатылуы керек-ау" демейді ешкім. 4-5 баласы бар, далада жүрген әйелдер бар. Әкімдер "біз үшін тудың ба?" дейді. "Күйеуіңді мен өлтірдім бе?" деген әкімдер болған. Кеуделерінде түк жоқ. Сана бос",- дейді Ринат Заитов. 

Депутат халықты "ашынған" деді.

"Халық ашынған. Ешкімге сенбейді. Ашынып кеткен халық. Агрессия қатты. Қайда барсаң да",- деді ол. 

Журналист бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрады.

"Халықтан алғанын халыққа қайтарып берсін. Қалтасына барып салып бермей-ақ қойсын. Мектеп салсын. Аурухана салсын. Оқу орындарындағы жемқорлықты жойсын. Пара беріп оқып алатын дәрігер емес, адам емдейтін дәрігер керек",- деді депутат. 

Ринат Заитов халықтың мәселесі көп екенін айтты.