Bugin
Фото: Silk
Атырауда кішкентай баланың жүрегі тоқтап, өлімнен аман қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Баланың жағдайы туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кішкентай бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдемге дейін ол 11 маусымда тұншығып жатқан.
"Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға 5 минутта жетті. Дәрігерлер тексергенде бала ес-түзсіз жатқан. Оның жүрек соғысы болмаған. Ол 10 минут бұрын түскен астыңғы тісін жұтып, қақалып қалған. Ал, әкесі жедел жәрдем бригадасы келгенше жүрек, өкпе тұсына реанимация жасаған. Бірақ, бұл әрекеттен еш нәтиже болмаған. Бригада құрамындағы фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов қажетті аппараттарды қосып, кең ауқымды жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Осындай 3 цикл жасалғаннан кейін балада тіршілік белгілері пайда болды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Кішкентай балақайдан клиникалық өлім белгілері байқалған. Жедел жәрдем көлігінде баланың жүрегі 3 рет тоқтаған. Фельдшерлердің сәтті реанимациясыан кейін жүрек соғысы қалпына келгенін айтады.