Bugin

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаларды табақпен ұрған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay 

Павлодарда балаларды табақпен ұрған балабақша қызметкерлеріне қатысты дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Балабақшадағы бассыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ПД мәлімдеді.

"Мұғалімнің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі міндеттерін орындамауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады",  - деп хабарлады Павлодар полиция департаменті.

Қалалық білім басқармасы қызметтік тексерісті бастаған. 

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 3 және 4 маусымында балаларды табақпен ұрған тәрбиешінің әрекеті видеоға түскен.