Bugin
Фото: pixabay
Киімдерді жуу қарапайым іс болып көрінгенімен үлкен еңбекті қажет етеді. Жейденің түсін оңдырып алмай, киімнің өлшемін кішірейтпей, дақты қалай кетіру керек? Бұл туралы Bugin.kz порталы керек кеңестерді дайындады.
Киімдегі тер мен өзге дақтарды кетіру үшін лимон қышқылын немесе аспиринді таңдаңыз. Бірінші жағдайда лимон шырынын ыстық суға қосу керек, содан кейін араластырып, салқындату керек. Сұйықтыққа киімді салып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Лас затты аспирин мен жылы су қоспасына бір-екі сағат салып қоюға болады. Мұны істеу үшін таблеткаларды ұсақтап, сұйықтықта алдын ала еріту керек.
Жуудан кейін кішірейіп қалған киімді қайта қалпына келтіру үшін балаларға арналған сусабын немесе кәдімгі денеге арналған кондиционер сұйықтығы қажет. Кез келген ыдысқа жылы су құйып, оған аздап сусабынды қосыңыз. Заттарды шамамен 15 минут сұйықтыққа салып, артынша шайып алыңыз. Киімді құрғату үшін оны сүлгіге орап, қысу керек.
Кір жууға арналған ұнтақ қара киімге ақшыл дақтарды қалдырады. Тұз мәселені шешуге көмектеседі. Әдетте жууға арналған ұнтақты алып, көлеміне қарай аздап тұз араластырыңыз. Сонымен киім жусаңыз заттарда ақ дақтар болмайды.