Bugin

"Ерлі-зайыпты оқиға орнында қаза тапты": Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Атырауда 12 маусымда жол апатынан 2 адам қаза тапты. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Атырау  облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметін сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство хабарламасында жол апаты сағат 14.50-де болғаны айтылған. Қос көлік Атырау-Ақтөбе тас жолының 454-шақырымы тұсында соғылған. Жол апаты туралы:

"Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады.

"Халық үні" сайтының мәліметінше, аталған жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Мұндай жол-көлік оқиғасының басты себебі арнайы ережені сақтамаудан туындайды. Аталған жол-көлік оқиғасы туралы айтатын болсақ, Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды. Осындай себепке байланысты көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз", - деп мәлім етті.