Bugin
Фото:Фото: Getty Images
Түрікменстан арбаза кратеріндегі өртті бәсеңдетуде үлкен жетістікке жетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Түрікменгаз" мемлекеттік концернінің Табиғи газ ғылыми-зерттеу институтына сілтеме жасап хабарлайды.
Халық арасында "Тозақ қақпасы" деп аталатын кратерде үлкен өрт осыдан 53 жыл бұрын тұтанған. Оны сөндірудің жолы әлі күнге дейін табылған жоқ.
Зертхана меңгерушісі Ирина Луриеваның айтуынша, ғылыми-зерттеу институтында жасалған өшіру әдісі кратердегі газ ағынын азайта алған. Ол:
"Нәтижесінде бұл әдіс кратерге қарай қозғалатын газ ағынының төмендеуіне әкелді. Осы газдың барлығын шығарамыз, газ бар қор ұңғымаларына жіберіледі", - деді .
Ирина кратерді толығымен сөндіруге қанша уақыт кететінін нақтыламады, бірақ бұл әдіс қазірдің өзінде кратерден метан шығарындыларын "айтарлықтай" азайтқан.
Ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өртеніп жатқан кратерді сөндірудің бірден-бір жолы – газ кеніші маңындағы ұңғыманы бұрғылау деген қорытындыға келді.
Ашхабадтан 266 шақырым жерде орналасқан Қарақұм шөліндегі газ кратері 1971 жылы барлау кенішінің қирауы нәтижесінде пайда болған. Кейін диаметрі – 60 метр, тереңдігі – 20 метр шұңқырды халық арасында "Тозақ қақпасы" деп атаған. Кратердің астындағы үңгірден шыққан және газдың жануынан шыққан от бағаналары 15 метр биіктікке жетуі мүмкін.