Bugin

"Жәнібектен аумайды": бельгиялықтар асырап алған жігіттің әкесі туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Instagram @kymbatdoszhan

Бүгін Қымбат Досжан анасын іздеп жүрген Жәнібектің әкесі туралы ақпарат шыққанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz оныің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арқалықта дүниеге келген Жәнібек жыл басынан бері туған анасын іздеп, барша қазақстандықтар тілеулес болып отыр. "Бармысың, бауырым" бағдарламасының ұжымы қазір деректерді жарияламағанмен осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс зерттеліп жатыр.

Бұл туралы Қымбат Досжан:

"Кеше мен Арқалық қаласының полиция қызметкері Саят Исламовпен бірге Қарағанды қаласына барып келдім. Зерттеу барысында Жәнібектің әкесі болуы мүмкін деген ер адам анықталды. Өкініштісі ол кісі өмірден өткен болып шықты. Марқұмның туысқандары мен ет  жақын адамдарымен  тілдесу үшін полиция қызметкеріне еріп, өзім арнайы барған едім. Туысқандары сөзімізге, өтінішімізге құлақ аспады. ДНҚ анализге қан тапсырудан бас тартты.

Бізге қоңырау шалған аноним : "марқұмның іс-қимылдары, сөйлегені Жәнібектен аумайтын. Біз бірнеше жыл бірге жұмыс істедік",-деді. Тіпті марқұмның жас кезіндегі суретін көріп Жанни баламызды көргендей болдық. Амал қанша, марқұмның туыстары ойланып, оң шешім қабылдайды деп күтеміз. Жәнібек осы отбасының баласы болып шықсам, олардың дүние-мүлкіне таласым жоқ деп қолхат беруге дайын екенін айтты,-деді. 

Жәнібек қазір Испаниядағы қонақүйлердің біріне жұмысқа орналасқан. Оны сатқан адамға байланысты қылмыстық іс қазір тергеуде. Редакция барлық дәлел, дәйекті полицияға өткізген.