Bugin

17 жастағы жасөспірім досымен бәстесемін деп Есіл өзенінде мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Астанада 17 жастағы жасөспірім өзенді жүзіп өтуге досымен бәстескен. Оқиға қайғылы аяқталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 12 маусымда Тарас Шевченко көшесіне жақын маңда болған. Екі жігіт қайсысы өзеннен жылдам жүзе алатынын анықтамақ болған. Жасөспірімдердің бірі қайтыс болды.

Кешке Астана Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін судан шығарды.