Bugin

3 рет қате диагноз қойған. Қарағанды ​​облысында екі жасар бала неден қайтыс болған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қарағанды ​​облысындағы екі жасар баланың өлімі туралы тың деректер шықты. Бала 9 наурызда қайтыс болған.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мезгілсіз қазаға баланың көкжөтелге қарсы екпе алмағандығы себеп болған. Баланың ата-анасы бұл шындыққа жанаспайтынын айтқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

11 маусымда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағанды ​​облысында көкжөтелден баланың қайтыс болғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұған елде "екпе алмаған балалар қабатының" пайда болуы себеп болған. Әлназарова екпеден бас тартқан ата-аналарға жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Бірақ қайтыс болған Богданның анасы Оксана Instagram желісіндегі қарағандылық блогер Денис Денскиге жазған түсініктемесінде вакцинациялау мүмкін болмағанын айтқан. Бала шала туылғандықтан, екпе салынбаған.

Әйелдің айтуынша, аурудың 26 қаңтарда белгілері байқалған. Балада сол кездің өзінде жеңіл жөтел пайда болған. Олар бастапқыда үй жағдайында емдеуге тырысқан. 9 ақпанда Богданның анасы баламен бірге ауруханаға барады. Дәрігерлер Богданның аллергиялық жөтелі барын айтып сендірген. Баланы бір апта бойы аллергиядан емдеген. Бірақ жөтел басылмай қойған.Оксана қайтадан ауруханаға барған. Бұл жолы баланың тамағында "шырышты тітіркену" бар екені анықталған.

Жөтел басылмайды. Баланың жағдайы одан әрі нашарлайды. Богданның анасы жеке дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Дәрігер жөтел ұстамасын бейнежазбаға түсіруді сұрайды және көргеннен кейін: көкжөтел деп диагноз қойған. Оксана дереу жедел жәрдем шақырады. Бірақ келген топ диагнозды жоққа шығарады. Дәрігерлер енді бұл бронхит екенін айтқан (бірақ олар көкжөтелге ПТР сынамасын тапсырады). Баланың жағдайы өте ауыр жағдайға түседі. Денсаулығы барған сайын нашарлай береді. Богдан антибиотиктермен және ингаляциямен емделеді.

Көкжөтелге арналған ПТР сынамасы расталған кезде бала жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі. Таңертең қанында белок аз болғандықтан жансақтау бөліміне ауыстырылады. Богдан төрт күн реанимацияда жатқан. Анасының айтуынша, оған қан құйылған. Баланың талмасы ұстап, комаға түскен. Алғашында оның миына қан құйылған деген күдік болған, кейін церебральды ісіну анықталған. Ол кезде нәрестенің өкпесі 90-98 пайыз зақымдалған.

Балаға жасанды тыныс алу аппаратын берген. Бірақ әбден кеш болғандықтан бұл көмектеспеген. Богдан жүрек-өкпе жетіспеушілігінен қайтыс болды.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасында қорытындысында:

"Бала жұқпалы аурулар ауруханасына ауру басталғаннан кейін 27-ші күні көкжөтелдің ауыр асқынуларымен түскен. Бұл ПТР нәтижелерімен расталды. Бронхо-обструктивті синдроммен, оң жақты гидроторакспен, конвульсиялық синдроммен, церебральды ісінумен, септикалық шокпен және сепсиспен жедел екі жақты толық пневмония диагнозы қойылды",-делінген.

Шынында да,  екі жасар Богдан көкжөтелге екпе алмағаннан қайтыс болды. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі шала туған нәрестеге бұл ауруға қарсы екпе салу мүмкін болмағанын ескермейді. Оның үстіне, бала бір айға жуық уақыт бойы көкжөтелден емес, аллергиядан, "шырышты қабықтың тітіркенуінен" және бронхиттен емделген.