Bugin
Фото: freepik.com
Елорданың 17 жастағы тұрғыны жоқ “Iphone” телефондарын сатқан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құзырлы орган интернет-ресурстар арқылы алдап келген17 жастағы жасөспірімді анықтады. Тергеу барысында кәмелетке толмаған жігіт “ОЛХ” сайтына нарық құнынан төмен бағада Iphone телефондарын сату туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды.
"Бүгінгі күні жас алаяққа алданған 4 астаналық полицияға жүгінген. Солардың бірі 24 жастағы қала тұрғыны тиімді бағада ұялы телефон алмақшы болып, сатушыға 50 мың теңге алдын ала төлем жіберген",- делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.