Bugin

Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті. Баланың жағдайы жақсы, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кәмелет жасқа толмаған бала Қазыбек би көшесі бойында жолды рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтпек болған екен. Жүргізушінің сөзінше, мектеп оқушысы жолға бірден жүгіріп шыққан. Мидың жабық жарақатын алған жәбірленуші балалар ауруханасына жеткізілген. 

"13 жастағы бала жол апаты салдарынан қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Балада арқа және жабық ми жарақаты. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, науқасты травматология бөлімшесіне жатқызды. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы орташа", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы

Полицейлер қазір бұл іс тіркеліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады.