Bugin

Әскердегі өлім: сарбаз жарақат салдарынан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kazlenta

Аягөзде әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жараланды. Ол жарақат салдарынан көз жұмған.

“Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады”, – делінген министрлік хабарламасында.