Bugin
Фото: Новости Бишкека
Бішкектегі "Ақ құла" ипподромында кішкентай шабандоз көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сводкаға сілтеп.
Оқиға 12 маусымда болған. Найзағай соғуынан 15 жастағы бала ауруханада қайтыс болды. Ал шабандоз мінген ат оқиға орнында өлген.
Бішкек милициясының жедел-тергеу тобы бірден оқиға орнына келіп, тексеруді бастаған.
"Тергеуге дейінгі тексеру тиісті сараптамаларды тағайындау мен куәгерлерден сауалнама жүргізуден басталды", - делінген құқық қорғау органдарының ресми хабарламасында.