Bugin

Нүкенованың ағасы экс-министрдің кешірім сұрауын талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың ағасы Ермұхамет Ертісбаевқа талап қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәдениет және ақпарат экс-министрі, Қазақстан Халықтық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаев Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіні айыптаған еді.

Өткен аптада Қазақстан Халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өзінің Youtube каналында "Айтбек Амангелдінің үстінен жалған ақпарат таратқаны үшін іс қозғалды" деп хабарлаған. 

Бірақ, Айтбек Амангелді өзінің үстінен іс қозғалмағанын айтты.

"Мүмкін сіздер үшін Ертісбаевтың өтірікші екені жаңалық емес шығар. Оның Youtube каналынан менің жалған ақпарат таратып, үстімнен іс қозғалғаны жайлы айтқанын көрген шығарсыздар. 
Мен Ішкі істер министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен өзіме қатысты сотқа дейінгі материалдарды сұрастырдым. Маған қатысты қандай да бір іс жүргізу мәртебесі бар ма? Автоматтандырылған жүйе берген ақпаратқа сүйенсек, 10 маусымға дейін "Арнайы есепке алатын" деректерінің арасында маған қатысты ондай ақпарат жоқ.
 Ертісбаевтан жалған ақпарат таратқаны үшін көпшілік алдында жария түрде кешірім сұрауын талап етемін. Әйтпесе, оның бұл әрекетіне қарсы ар-намысты қорғау туралы іс қозғалатын болады. Сондай-ақ, полицияға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес "көрінеу жалған ақпарат тарату" туралы арыз жіберілетін болады, - деді Айтбек Амангелді.