Bugin
Фото: Unsplash
Көпшілік уақытын үнемдеу үшін сматрфонды тез қуаттауға асығады. Алайда ол байланыс құралының жұмыс істеуіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда электронды құрылғыны дұрыс қуаттай білу керек.
Ең әуелі смартфондағы барлық қолданбаларды жабыңыз. Фондық режимде жұмыс істейтін қолданбалар әлі де телефон қуатын пайдаланады және батареяның зарядталуын баяулатады. Оларға уақыт көрсеткіш, түсқағаз, музыка сынды қолданбалар жатады. Сондықтан оларды өшірген дұрыс.
Екіншіден қуатталу кезінде ұшақ режимін қосыңыз.
Ұшақ режимі құрылғыны тұтынатын уақыт мөлшерін шектейді. Бұл кезде барлық сымсыз қосылымдарды өшіру керек. Телефонда Wi-Fi, ұялы байланыс, Bluetooth, GPS сынды тетіктердің қосылмағанын тексеріңіз.
Егер сіз маңызды қоңырауларды күтпесеңіз, смартфонды тоқ көзіне қосқаннан кейін де бұл режимді өшірмегеніңіз дұрыс. Осылайша батарея әлдеқайда тез қуатталады.
Үшіншіден, мүмкін болса қуаттау кезінде смартфонды өшіріңіз. Бұл зарядтаудың ең тиімді жолы.