Bugin
Фото: ТЖМ
Қарағандылық құтқарушылар қонақ үйдегі өртті сөндірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Қазыбек би ауданында қонақ үйлердің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер өртенген. Қауіпті орындағы 13 адам алдын ала эвакуацияланды. ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 23 минут ішінде жойылған. Өрттен ешкім зардап шекпеген.