Bugin

Енді Қазақстанда қандай көліктердің қозғалысына шектеу қойылмақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Автомобиль жолдары комитеті жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына түзетулер дайындады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство енгізген қосымшада: 

"Жазғы кезеңде күндізгі және кешкі уақытта жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде 1-қосымшада көрсетілген уақытша қозғалыс шектеулерінің жыл сайынғы әрекет ету мерзімдеріне сәйкес 8 тоннадан астам жүк тиеген көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі", - делінген.

Осы қосымшаға сәйкес, биыл 1 маусымы мен 15 тамызы аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25°С-тан жоғары болған жағдайда: Абай ауданы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды ​​облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысында шектеулер енгізіледі.

Сондай-ақ, тиісті жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауа температурасы 25°С-тан жоғары болған жағдайда: Алматы облысы; Атырау облысы; Жамбыл облысы; Жетісу облысы; Қызылорда облысы;  Маңғыстау облысы;  Түркістан облысы;  Ұлытау облысында шектеулер енгізіледі.

Жазда күндізгі уақытта шектеулер ма көліктерге қолданылмайды:

- халықаралық шарттарға сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау;
- жолаушылар мен багажды тасымалдау;
- қауіпті жүктерді тасымалдау;
- қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлерге берілген аумақтарда жол құрылыс жұмыстарын жүргізу;
- қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ әскери тасымалдауды жүзеге асыратындар.

Көктемде қозғалысты ұйымдастыру кезінде бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына шектеулер енгізіледі.