Bugin
Фото: depositphotos.com
Елімізде өндірілетін қантты шетелге тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның бұл туралы бұйрығында:
"Қант әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығымен 2024 жылғы 31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді",-делінген.
Бұйрық 2024 жылғы 14 маусымнан бастап күшіне енді. Қазақстан аумағы арқылы өзге елдерде өндірілген қантты тасымалдауға рұқсат бар.
Жазғы кезеңде ішкі нарықта қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсуі байқалады. Осыған байланысты, қант әкетуге уақытша тыйым салу ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның кері экспортын болдырмау мақсатында енгізілген
Қазіргі уақытта елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.