Bugin
Фото: © AP Photo / Mahesh Kumar A.
Депутат Ермұрат Бапи қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салуды ұсынбақ. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарайды. Депутат Ермұрат Бапи осы құжатқа тиісті өзгерістерді ұсынбақ.
Ол нақты қандай киімге тыйым салынуы мүмкін екендігі туралы:
"Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады. қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз", - дейді.