МӘДЕНИЕТ

14 маусым – блогерлер күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 14 маусым – Халықаралық блогерлер күні. Интернет қауымдастығы жыл сайын мерекені атап өтеді, - деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

Блог жүргізу интернеттегі шығармашылықтың ең танымал түрлерінің бірі саналады. Блогерлер саясат, тарих, технология, сән, компьютерлік ойындар, бала тәрбиесі және тағы да басқа маңызды тақырыптарды қозғайды.

2004 жылы 40 елден 500-ге жуық блогерлер цифрлық контент жасаушыларды біріктіретін жаңа мереке құруды ұсынды. Осылайша бұл күн әлемдік блогерлер арасындағы достық қарым-қатынастың өзіндік белгісіне айналды. 

Мереке күні блогерлер әріптестері мен оқырмандарына қолдаулары үшін алғыс білдіреді. Кейбір елдерде блогерлер оқырмандарымен кездесу өткізеді екен. 

Алғашқы блогер — әлемдегі ең алғашқы сайтты ойлап тапқан Тим Бернс-Ли. Ол өз жазбаларын 1992 жылы жариялаған. 1999 жылы блог жүргізуге арналған Blogger атты алғашқы онлайн платформа жұмыс істей бастады.