Bugin
Фото: depositphotos.com
Түркістан облысында мас хәлдегі ер адам ерсі әрекет жасаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Egov.press telegram арансына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз оқиға туралы:
"Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мас ер адам досымен бірге зиратта әйелін зорлаған. Олар келіншекті "өлтіреміз" деп қорқытқан. Сотталушылар өзіне тағылған айыптың кейбірін мойындап, не істеп жатқандарын түсінбегендерін алға тартты. Сот оларды 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырды",-деп жазды.
Қылмыскерлерге қатысты соттың шығарған үкімі әлі күшіне енген жоқ.