Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com
Синоптиктер 15-17 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы күндері фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады. Солтүстікте 15-17 маусымда , орталықта 15 маусымда, шығыста 15-16 маусымда жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында ауа температурасы +33+42 градус, оңтүстігінде +35+42 градус, оңтүстік-шығысында +28+38 градус, солтүстігінде +26+34 градус болады. Республиканың орталығында +25+33 градусқа дейін, шығыста +21 + 31 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61