Bugin

Астана әуежайының жұмыс уақыты өзгерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бүгіннен бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жазда жолаушылар сұранысының жоғары болуына байланысты әуе тасымалының уақыты 00:30–ға дейін созылды. Енді әуе компанияларының ішкі рейс кестесі қайта қаралып, кейбір бағыттарға қосымша рейстер ашылады. 

Осыған байланысты жолаушылар компаниялардың ресми сайты арқылы билеттердің бар-жоғын анықтай алады. Ал әуежайдағы магистральді жолақтағы жөндеу жұмыстары жалғаса береді.