Bugin

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған келіншектің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 9 маусым күні көлік сатуға шығып, із-түзсіз кеткен 55 жастағы әйелдің өліміне қатысты тың дерек ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, үйіне оралмаған әйелдің адам қолынан қаза тапқаны белгілі болды. 1969 жылы туған Клара Сұлтанбаеваны іздеу жұмысы 9 маусым күні басталды. Оған полициямен қатар еріктілер де жұмылды. Ол шамамен сағат 9:00-де шығып кетіп, хабарсыз қалған.

Полиция оның денесін қала маңынан тапқан.