Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте 11 жастағы баланы зорлағаан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылдың қазан айында И. есімді ер адам 2013 жылы туған М-нің дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасаған.
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық") айыпталған И.-ге қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.
Прокурор И-ге ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жаза кесуді сұрады.