Bugin
Фото: jambylinfo.kz
jambylinfo.kz сайтының редакциясы Базарбай Алахметовке 25 жыл көрмеген қызын тауып берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалғандар орталығының тұрғыны Базарбай Жолдыбайұлы 25 жылдан кейін қызы Әйгерім Базарбайқызымен кездесті.
Сайт редакциясы бұған дейін Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған жандар балаларын іздейтіні туралы ақпарат берген. Осы мақаладан кейін Әйгерім есімді бойжеткен қоңырау шалған.
Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен. Ал әкесін соңғы рет алты жасында көрген.
"Адамдар "әкеңді көрдік" деп айтып келгенде қандай күйде болғанымды білсең ғой?! Соңғы рет 6 жасымда мектепке алып барғаның есімде. Балмұздақ сатып бергенің көз алдымда. Анам "әкең жақсы адам" деп айтып отыратын. Сені сағынумен, күтумен ержеттім ғой",- деп жылады Әйгерім әкесін көргенде.
Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген қарт әке қызына өзінің қиын жағдайда қалғанын айтты.