Bugin

Желіге діни мазмұндағы сурет жүктеген әйел жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Желіге діни мазмұндағы сурет жариялаған келіншек айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атырау облысының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы ("Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу") бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", – делінген сот хабарламасында.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.