Bugin

10 жасар бала Есіл өзеніне батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik. com

Петропавлда Есіл өзеніне суға түсуге барып, батып кеткен 10 жастағы бала табылмай жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол 14 маусым күні сағат 15:00 шамасында Есіл өзенінің Зайсан шағын ауданы маңында суға батып кеткен. Бала достарымен шомылуға барған.

Іздестіру жұмыстары кешеден бері жүргізіліп жатыр.

"Барлық волонтерді, еріктілерді көмекке шақырамыз. Қайықтарыңызды ала келсеңіздер. Өздеріңізбен бірге резеңке етік, қол шам болғаны дұрыс, өйткені өзен жағасын шолып өту қажет", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтері Алена Писаренко.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы іздеуге жеке құрамнан 13 адам мен сүңгуірлер және 5 арнайы техника тартылған.