Bugin

Қостанайда суға батқан 2 жас қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қостанай облысында екі жасөспірім суға батып кетті, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қайғылы жағдай Федоров ауданының Кенерал ауылында болған. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 және 2015 жылы туған қыздар ересектердің қарауынсыз, жабдықталмаған жерде шомылған.

"Құтқарушылар Үй өзенінен бір қыздың жансыз денесін шығарды. Екінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.