Bugin
Фото: go.indiegogo.com
Қажылыққа аттанған алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олардың Иордания мемлекетінің азаматтары екені анықталған.
Иорданияның сыртқы істер министрлігі қайтыс болғандар туралы ақпаратты растады. Енді марқұмдардың денесін елге жеткізу бойынша жұмыстарды бастаған.
Парызын өтеуге аттанғандар ыстықтан қаза болғаны анықталып отыр. Себебі Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында 48 градусқа дейін ыстық болып жатыр.