Bugin

Керек кеңес: тіс дәрігеріне қаншалықты жиі бару керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bangkokbook.ru

Көптеген адамдар тіс дәрігеріне қаралуға не тісін емдетуге қорқып жатады. Тек тіс қатты ауырған кезде ғана барып, емделеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның үстіне тіс ауруы басылса дәрігерге жазылу туралы ойын өзгертіп, ауыз қуысын тексертуді біраз уақытқа кейінге қалдыруы мүмкін. Нәтижесінде тістердің жағдайы айтарлықтай зақым келуі белгілі. 

Дәрігерге барып, тісті қарату мерзімін көпшілік жылына тек бір не екі рет деп санайды. Алайда ауыз қуысының ауруларын мүмкіндігінше ертерек анықтаған жөн. Профилактикалық тексеріс нәтижесінде тістерді дер кезінде емдеу тиімді болады.

Сол себепті 5-6 жасқа дейін балаларды тіс дәрігеріне төрт не алты ай сайын апарып, толық тексерістен өткізген жөн. Ал ересектер үшін алты ай сайын ауыз қуысын толық тексертіп, кариестерді уақытында емдеу тиімді.

Өйткені ерте кезеңдердегі тістердің дұрыс өспеуі немесе жарамай кетуі ересек болғанда үлкен мәселеге айналуы мүмкін.