Bugin

Пойыздағы жолаушы ер адамның ерсі әрекеті белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар пойызына мас хәлде зақым келтірген жолаушы жауапқа тартылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарышаған станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері пойыз бастығының актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

Ведомство хабарламасында:

"Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде Алматы қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жол жүру барысында спирттік ішімдіктер ішкен, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған және вагон дәретханасындағы вентиляцияны бұзып, бекіткішті жұлып алған. Ер адам алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, тыныштықты бұзғаны, жалпы пайдаланымдағы көлік құралдарының ішкі жабдықтарын бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды",-делінген.

Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 40 мыңнан астам азамат жауапқа тартылған.