Bugin
Фото: видеодан скриншот
Атырауда ер адам әйелді пышақтап, қашып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Не молчи” қорына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаның видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыздар. Бейнеде есігінен шыққан әйел баспалдақтан төмен түсе бастағанын байқаймыз. Ер адам тасадан шығып, әйелге пышақты бірнеше рет сұғып алады. Әйел тіпті қорғануға да үлгермей қалады.
Қордың мәліметінше, 33 жастағы әйелді жаралаған оның бұрынғы жігіті болуы мүмкін. Жарақат алған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал күдіктіні іздеп жатыр.