Bugin

Қанға бөккен Газа секторының қазіргі ахуалы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Anadolu

Израиль армиясы гуманитарлық көмектің келуіне мүмкіндік беру үшін Газаның оңтүстігіндегі жол бойындағы операцияларға күнделікті "тактикалық үзіліс" жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль билігінің тарапынан әлі күнге дейін әскери операцияларды тоқтату туралы әңгіме жоқ және Рафахтағы операция жалғасады. Израиль қорғаныс күштері өкілінің айтуынша, мұндай үзілістердің біріншісі сенбі күні болған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін соғыс қимылдары уақытша тоқтатылады. Бұл шара Израильдің Газа секторымен шекарасындағы Керем Шалом бақылау-өткізу бекетінің солтүстігіндегі Салахуддин тас жолына және Хан Юнустағы Еуропалық ауруханаға баратын тас жол бойындағы аумаққа ғана қатысты болады.

Израильдің одақтастары Газадағы гуманитарлық жағдай ушығып кетпеуі үшін оған қысым жасауда.

Газаға жүктерді жеткізуге көмектесетін ActionAid қызметкері Зиад Исса BBC-ге үзіліс туралы:

"Біз бұл тактикалық үзілістердің қандай мәнге ие екенін әлі түсінбейміз. Олар көмектің Газа секторына ағып қана қоймай, оны қажет ететін бейбіт тұрғындарға қауіпсіз таратуға мүмкіндік береді ме", - деп күмәнді ойын айтты.

Израильдегі хабарларға сәйкес, премьер-министр Биньямин Нетаньяху да қорғаныс министрі Йоав Галлант сияқты,  гуманитарлық үзіліс енгізу жоспары туралы жарияланғанға дейін хабардар болмаған. Нетаньяху кеңсесіндегілер бұл жоспар туралы жексенбіде ғана білгендерін айтты.