Bugin
Фото: Зеленский. Тікелей трансляциядан скриншот
Ресей Украина аумағынан шығып кетсе, ертеңіне-ақ Украина бейбіт келіссөз жасауға дайын. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің 16 маусымда Швейцарияда өткен Жаһандық бейбітшілік саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Зеленский келіссөз жасау туралы:
"Ресей Федерациясымен келіссөздерге келетін болсақ, мен бұл туралы осы уақытқа дейін де егжей-тегжейлі айттым. Егер олар біздің заңды территориямыздан шықса, бізбен келіссөз жасай алады",-деді.
Оның айтуынша, Украинаның ендігі міндеті – "Ресей Федерациясының Харьков облысындағы шабуылында жеңіске жетуіне жол бермеу".
Украина басшысы қазіргі жағдай туралы:
"Менің ойымша, қазір жағдай жақсарды. Ол біздің жауынгерлердің арқасында тұрақтады және алдағы уақытта біздің әріптестеріміздің арқасында жауынгерлеріміз нығайып, ұрыс даласында басқыншыларғажойқын шабуыл жасайды деп ойлаймын", - деп айтты.