Bugin

"Киімсіз, жалаңаш": Алматыда көшеден жұмбақ мәйіт табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Не молчи" қорынан

Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәріге сілтеме жасап хабарлайды.

"Не молчи" мәліметінше, 15 маусым күні киімсіз, жалаңаш әйелдің мүрдесі табылған. Бірнеше полиция көлігі сол аумақта болғаны туралы тұрғындар  қордың сенім телефонына хабарлаған. 

Алматы қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің оқиға туралы мәлімдемесінде:

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталуда", - делінген.

Тұрғындар қорға хабарласқанда, оқиға бейнежазбаға түсіп қалғанын, сол арқылы қылмысқа қатысы барларды табуға болатынын айтқан. Мәйітті оқыс көріп қалған балалар шошынған.