Bugin
Фото: ДСМ
Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет ұрықтың патологиясы мен даму ақауларын түзету арқылы ұрыққа операция жасай бастады.Феталдық (құрсақішілік) операциялар перинаталдық нәтижелерді жақсартуға және балалардағы мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ұрыққа операциялар болашақ баланың денсаулығы мен өмірін жақсартады.
Феталдық хирургия жобасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асыруда.Медицина қызметкері күні қарсаңында Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстандағы алғашқы құрсақішілік патологияны түзету бойынша практикалық мастер-класс өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова:
"Денсаулық сақтау министрлігі туғаннан бастап балалардың мүгедектігін төмендету жөніндегі басымдықты міндет деп санайды. Дүние жүзіндегі феталдық хирургия бұл үшін ең маңызды құралдардың бірі болып саналады. Біз 30 жылдың ішінде феталдық операциялар практикасында жинақталған әлемдік тәжірибені талдадық. Бұл білімнің барлығы Қазақстанда алғаш рет әзірленген феталдық хирургия бағдарламасының негізін қалады",- деп атап өтті.
Қазақстандық дәрігерлер бұл отаны жасауға 2 жыл дайындалған.