Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 18-20 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады. 18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста жаңбыр болады . Тек оңтүстікте және орталықта 19-20 маусым аралығында жауын-шашын болмайды.

Күндізгі температура еліміздің батысында біртіндеп +28 + 40 градусқа дейін төмендейді.Республиканың солтүстігінде +20+28 градустан +25+31 градусқа дейін жоғарылайды. Орталықта ауа температурасы +20+33 градус, оңтүстікте +30+41 градус болады. Оңтүстік-шығыста +24 + 35 градустан +22+32° градусқа дейін, шығыста +12+28°С-қа дейінтөмендейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61