Bugin
Фото: freepik.com
Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарының пайдасы көп. Балық майы адам ағзасына пайдалы. Ал жаңа зерттеулер омега-3 ашуды азайта алатынын көрсетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.
Пенсильвания университетінің ғалымдары осы қосымшаның агрессивтілікке әсері туралы 29 рандомизацияланған сынақтардың мета-талдауын жүргізді. Бұл процеске 3918 адам қатысты.
Нәтижесінде омега-3 бар тағамдық қоспаларды тұрақты пайдаланған адамдарда агрессия 28%-ға төмендеген.
Шолуға енгізілген сынақтар 1996 жылдан 2014 жылға дейін жүргізілді. Орташа алғанда, әрқайсысы 16 аптаға созылды. Зерттеушілер сау адамдарды да, ауруға шалдыққандарды да, балаларды да, қарттарды да қамтыды.
Бір қызығы, әртүрлі зерттеулерді талдау барысында реактивті агрессияның, яғни сырттан арандатудың да, адамның өзінен туындайтын белсенділіктің де азайып бара жатқанын анықтауға болады.