Bugin

Ер адам 33 жылдан кейін ұлын Кореядан тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Орал қаласында ер адам 33 жыл жылдан кейін жеке куәлігін алды. Сол арқылы оның туған ұлы Кореядан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Гергий Ни 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Қырғызстанға көшіп кетеді. 37 жасында Георгий туған жеріне оралады. Қазақстанда шаңырақ құрып, ұл сүйеді. 

Баласы екі жасқа толғанда отбасын қалдырып, Батыс Қазақстанға табыс табуға кетіп қалған. Сонда бақташы мен қойшы болып, далада бақша екті. Артынан құжатын жоғалтып алып, туған-туыстарымен байланысы үзілген.

2020 жылы Георгий таныстарының ақыл-кеңесімен Орал қаласының әлеуметтік көмек орталығына жүгінеді. Орталық мамандары бірден мемлекеттік және шетелдік мекемелерге сұрау салып, ақпарат іздеуге кірісті. Ал барлық жауапты алғаннан кейін көші-қон полициясына құжат жіберген. Георгий жеке құжаттарын алғанда қуанышын жасырмады. Өзін адам ретінде және өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінгенін жеткізді.

Орталық мамандары Нұрлы Жұбатова мен Арай Шынтемірова Георгийдің ұлын да тауып берді. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Кореяда тұрады.