Bugin
Фото: depositphotos.com
Күн – барлық тіршілік иелеріне маңызды планета. Өсімдіктер фотосинтез процесі үшін күннен энергия алады. Күн барлық органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады, ал адам күн сәулесінсіз өмір сүре алмайды. Күн сәулесінің пайдасы мен зияны туралы Bugin.kz тілшісі peopletalk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Диетолог, гастроэнтеролог, терапевт, натуропат және ароматерапевт, денсаулық жаттықтырушы, біртұтас көзқарасы бар интегративті медицина дәрігеріИнесса Царкова күн сәулесі туралы тарқатып айтып берді.
Күн сәулесі триптофан амин қышқылын серотонин гормонына айналдыруға көмектеседі. Бұл бізге қуаныш пен өзімізге деген сенімділік сезімін сыйлап, көңіл-күйімізді көтереді. Серотонин – мидың, бұлшықеттердің және ішкі ағзалардың жұмысын жақсартатын күшті антидепрессант. Түнде бұл гормон антиоксидант және иммуномодулятор мелатонинге айналады.
Күн сәулесін әртүрлі ауруларды, соның ішінде иммундық жүйе бұзылысын, ұйқысыздықты, гормоналды бұзылуларды және маусымдық аффективті бұзылыстарды емдеу үшін пайдалануға болады.
Күннің ультракүлгін сәулелері тері жасушаларында D витаминін өндіруге белсенді қатысады. D дәрумені – организмдегі кальцийді сіңіру үшін қажетті элемент. Ол остеопороздың дамуына жол бермейді, сүйек тінін қалпына келтіруге көмектеседі және балалардағы сүйек деформациясы мен өсуіне байланысты проблемаларды болдырмайды.
Сондай-ақ D дәрумені бұлшықеттердің жиырылуына, иммундық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне және көптеген аурулардан ағзаны қорғауға қажет. Науқастарға тері обырын, аутоиммунды ауруларды емдеуде, жүрек-қан тамырлары ауруларының, І және ІІ типті қант диабетінің алдын алуда қосымша түрде беріледі.
Күн сәулесі депрессиядан сақтайды, одан өндірілетін D дәрумені тыныс алу және гормоналды аурулардың алдын алады және қартайған кезде деменция мен атеросклероздың дамуынан сақтайды.
Күн сәулесінде көп уақыт жүрген адамдардың терісі кейде күйіп кетеді. Дұрыс қолданбасаң, оның да зияны бар екенін ескеру керек. Күн сәулелері ең алдымен тері мен көзге әсер етеді. Атап айтқанда, жазда өте ыстық және ыңғайсыз ауа-райында терінің күн сәулесіне сезімталдығы артып, фотодерматит пайда болады. Нәтижесінде кеуденің, мойынның, қолдың жоғарғы бөлігінде көпіршіктер, бөртпелер, қызыл дақтар және әртүрлі бөртпелер пайда болады. Кейде терінің бөртпесі, қышуы және ісінуі байқалады. Сонымен қатар ультракүлгін сәуленіңәсерінен көздің шырышты қабығын зақымдап, конъюнктивит пен кератит пайда болуы мүмкін.