Bugin
Фото: freepik.com
Павлодарда көпір жанында жас жігіт суға батып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар мигистрлігіне сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда 15:15-те дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына Усолка шағын ауданында көпір маңайында 2004 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Ол шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сүңгуірлер 16:10-да оның денесін судан шығарды.