Bugin

“Баламды өлтірсін деп өсірмедім”: әжетханада жан тапсырған баланың ата-анасы әділдік іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Мектеп әжетханасында көз жұмған 8-сынып оқушысының ата-анасы "Көреміз" редакциясынан көмек сұрайды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Оқиға 30 сәуір күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота ауылында болған. 8-сынып оқушысы Мирас Мәлік әжетханада жан тыпсырған. Мектеп басшылығы оқушының жүрек талмасынан қаза болғанын айтқан.

"Менің балам өлгеннен кейін, "өтірік істеп жатыр" деп әжетханада жатқызып қойған. Жалғыз менің балам емес, ол жерге 12 баланы алып барған. Бір күн бұрын 9-сыныптың балалары жинаған 8-сыныптың балаларын. Ол күні менің балам бармаған. Сол үшін оны әжетханаға шақырған",- дейді марқұмның анасы Раушан Асылханқызы.

Тұңғыш ұлдарынан айырылған ата-ана мектептегі әлімжеттік туралы мектеп басшылығына бірнеше рет айтқан. 

"Ұлым айтты. "11-сыныптың балалары қайта-қайта ұрады" деді. Мектепке барып директорға айттым. Ол бәрін өз бақылауына алатынын айтқан. Мен баламды өлтірсін деп өсірмедім",- дейді марқұмның әкесі Тоқтасын Мәлікұлы.

Мирас Мәліктің ата-анасы уақытында шара қолданбаған мектеп директорына қапалы.