Bugin

Шетелде жоғалып кеткен қазақ қызы өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қанат Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Германияда күйеуі және енесімен тұрып жатқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Германияда қазақ қызы көз жұмған. Алайда оның Ресейден келген енесі із-түзсіз жоғалып кеткен көрінеді. Шетелдік БАҚ осындай ақпарат таратуда.

"Бұған дейін 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, жуырда Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. BILD хабарлауынша, мәйіт полиэтилен пакетте болған, ал әйел өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші кісі өлтіру оқиғасын ашумен айналысып жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстандық Сайлыбаева мен оның 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова бір уақытта жоғалып кеткен еді. жоғалып кеткені атап өтілді. Марқұмның ағасы Сайлыбаевагың тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша шағымданғанын айтты. Қазір оның енесі Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.