Bugin

Көз жанарын қалай сақтауға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: nvkz-tub.ru

Технология дамыған заманда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұялы телефон мен ноутбук, теледидар сынды құралдарды жиі пайдаланады. Соның салдарынан көздің көру қабілеті де жиі нашарлайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Көру қабілетін қайта қалпына келтіру өте қиын. Операция, арнайы ем-шараға жүгінуге тура келеді. Алайда әр күн сайын, арнайы уақыт ішінде бірнеше рет көзге арналған жаттығуларды жасап тұрған абзал.

Ең алғашқы жаттығу - "Жалюздер". Екі минут бойы көзді жылдам жыпылықтату керек. Бұл жаттығу кезінде көздің бұлшық еттерін ауыртпау, артық жасамау маңызды. "Жалюздер" жанарыңызды аздап ылғалдандыруға және тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға көмектеседі.

Екінші жаттығуды жасау үшін терезе, пластилин, жапсырма немесе маркер қажет. Жапсырмадан кесілген кішкене шеңберді шыныға жабыстырыңыз немесе пластилиннен "нүкте" жасаңыз. Жаттығуды  орындау барысында нүкте мен терезенің арғы жағындағы затқа кезектесіп қарау керек.

Одан бөлек, көзді 5 секунд бойы мықтап жұмып, содан кейін барынша үлкен етіп ашу маңызды. Бұл жаттығуды әр екі сағат сайын 8-10 рет қайталаңыз. Жаттығу бұлшықет тонусын және қан айналымын жақсартуға көмектеседі.