Bugin

Атырауда әйелін пышақтап өлтірмек болған ер адам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: НеМолчи қоры

Атырауда әйелін өлтірмек болған күдікті Ақтау қаласына барғаны анықталған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол Атырауда азаматтық некеде тұрғын бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған еді. Күдікті қазір қолға түсті.

"Полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінде 1991 жылғы әйелді өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласына кетіп қалғаны анықталды. Күдікті ұсталды. Оның жасы – 29-да. Қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.