Bugin

"45 адам мерт болды": Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жылдың басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып мерт болды. Қазіргі су айдындарында 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттарда су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жүргізіледі. ТЖМ құтқарушылары жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы бері 24 адамды құтқарды. Бүгінде елімізде "2GIS" платформасында орналасқан 708 шомылуға және демалуға рұқсат етілген орындар бар. Маусым айының соңына дейін тағы 33 жағажай ашылады.

ТЖМ хабарламасында:

"Жыл басынан бері рұқсат етілген және рұқсат етілмеген жерлерге 26 мыңнан аса рейд жүргізілді. Нәтижесінде құқық бұзған 3 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 маусымнан бастап 49 адам құқық бұзғаны үшін жазаланған. Өткен жылдан бастап Алматы және Павлодар қалаларының әкімдіктері пилоттық режимде суға батқандарды ерте анықтау жүйесін іске қосты. Бейнебақылау мен мониторинг жасаудың осындай жүйелерін барлық өңірлерге, әсіресе тыйым салынған жерлерге орнату қажет",-делінген.

ТЖМ қазақстандықтарға суға шомылу ережелерін сақтауды, балаларды көзден таса қылмауды ескертіп, сақтыққа шақырды.