Bugin

Түрмедегі жүз мың тұтқынға рақымшылық жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың Мэриленд штатының губернаторы марихуананы пайдаланғаны және каннабис заттарын сақтағаны үшін 175 мыңнан астам сотталғандардың кешірілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі dw.com агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Губернатор Уэс Мур дүйсенбі, 17 маусымда Мэриленд астанасы Аннаполисте өткен баспасөз мәслихатында  осы жаңалықты айтты. Бұл – АҚШ тарихындағы штат деңгейіндегі ең үлкен рақымшылық. Басшының сөзіне халық ыстық ықыласпен қошемет көрсеткен. 

Бұл шара 100 000-ға жуық адамның жеңіл қылмысы үшін соттылығын алып тастайды. Мэриленд штатының бас прокуроры Энтони Браун қоғамдық кешірімді "нәсілдік теңдік мәселесі" деп атады.

Марихуана Мэриленд штатында заңдастырылған. Рекреациялық каннабис Мэриленд штатында 2023 жылы референдумнан кейін заңдастырылды. Бірақ марихуана және басқа да ұсақ құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы сотталғандар жазадан босатылмады.

Каннабисті рекреациялық мақсатта пайдалану АҚШ-тың 24 штатында, сондай-ақ Колумбия округінде заңды. Федералды деңгейде АҚШ президенті Джо Байден 2022 жылдың күзінде марихуана сақтағаны үшін сотталғандардың барлығына кешірім жасау туралы жарлыққа қол қойды.