Саясат
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында орналасқан «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алуда
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында орналасқан «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алуда. Бұл әзірге аудандағы рекордтық көрсеткішболып тұр. Мұндай жетістікке ол тамшылатып суғару технологиясы арқылы қол жеткізген. Осы жөніндеқожалық басшысы Батыр Хайдаров аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте мәлімдеді.
«Весна» шаруа қожалығының тәжірибесін басқаларға үйрету мақсатындаұйымдастырылғансеминар-кеңеске аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бойынша мамандары және шаруа қожалықтары қатысты.
БатырХайдаров 6,6 гектар жерге қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккен. «Пекин» сорты-олардың ішінде ерте пісіп шыққаны. Бүгінгі таңда 2 гектардан 85 тонна өнім алып, барлығын да Ресей Федерациясына экспорттаған. Қожалық басшысы тамшылатып суғару технологиясын пайдалану арқылыүлкен пайдаға кенеліп отыр.
Қожалық басшысы «Тамшылатып суғару технологиясын ендіру үшін гектарына 1 млн. теңгеге жуық шығын жұмсадым. Соның арқасында еккен егінім бітік әрі өнімді болып, ерте пісіп жетілді. Қазір қырыққабаттың келісін 120 теңгеден теңгеден саудалап жатырмын», –дейді.
Айта кететін болсақ, биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Бүгінге дейін ерте пісіп жетілетін дақылдан 260 тонна өнім жиналған.