Bugin

Полигондағы жарылыс салдарынан әскери қызметкер қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: X / CT24

Кеше, 17 маусымда Чехияның шығысындағы Либав әскери полигонында жарылыс салдарынан бір сарбаз қаза тапты. Сонымен қатар, сегіз адам – жеті сарбаз және бір бейбіт тұрғын жараланған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Чех армиясы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады. Оқиға туралы: 

"Біз Либавтағы оқу-жаттығу аймағында белгісіз оқ-дәрілер жарылған қайғылы жағдаятты зерттеп жатырмыз. Өкініштісі оқиға орнында қаза тапқандар бар", - деп хабарлады .

Оқиғаны әскери полиция тергеп жатыр.

Чех жаңалықтар порталы Idnes полигон туралы:

"Либав полигоны Оломоуц қаласының маңында, Прагадан шығысқа қарай 250 шақырымдай жерде орналасқан. Ол 1949 жылдан бері жұмыс істейді, ауданы шамамен 235,5 шаршы шақырым", -деп жазды.

2022 жылдан бастап Либавтағы полигонда Чехия мен Украина армиясының әскери қызметкерлерінің бірлескен жаттығулары өтуде. Жарылыстың қай кезінде болғаны әзірге белгісіз.